Петропавловск
+21°C
Главная страница » Туризм » Солтүстік Қазақстандағы Имантау Қазақстанның 2026 жылғы үздік туристік ауылы атанды

Солтүстік Қазақстандағы Имантау Қазақстанның 2026 жылғы үздік туристік ауылы атанды

September 21, 2026 10:22

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау ауылы «Үздік туристік ауыл – 2026» атағына ие болды. Ауылға бұл мәртебе Астанада өткен Kazakhstan Travel Forum «Саяхат 2026» форумында берілді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Бастаманы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы жүзеге асырады. Оның негізгі мақсаты – туристік әлеуеті жоғары ауылдарды анықтау, өңірлердегі инфрақұрылымның дамуына серпін беру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.

«Имантау – Солтүстік Қазақстан облысындағы негізгі туристік аумақтардың бірі және Имантау–Шалқар курорттық аймағының құрамына кіреді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің тапсырмасына сәйкес, мұнда туристік инфрақұрылымды дамытуға, өңірдің тартымдылығын арттыруға және облыс тұрғындары мен қонақтарына қолайлы демалыс жағдайларын жасауға бағытталған бірқатар іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылуда», – делінген СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ, ауылдың құрметті мәртебеге ие болуы өңірдің табиғи байлығы мен аумақты абаттандыру бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың мойындалғанын көрсететіні атап өтілді.

Бұл жетістік Солтүстік Қазақстанның еліміздің туристік картасындағы орнын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Shares