Петропавловск
+21°C
Главная страница » Таза Қазақстан » Мамлют ауданында Дүниежүзілік тазалық күні 12,5 тонна қоқыс шығарылып, 1684 ағаш отырғызылды

Мамлют ауданында Дүниежүзілік тазалық күні 12,5 тонна қоқыс шығарылып, 1684 ағаш отырғызылды

September 19, 2026 15:39

Экологиялық бастамалар облыс орталығымен ғана шектелмей, Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында да жалғасын тапты. Дүниежүзілік тазалық күні – «World Cleanup Day» аясындағы ауқымды акция Мамлют ауданында да ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ауқымды сенбілікке Мамлют ауданының әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, волонтерлік қозғалыстардың мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты. Аудан әкімдігінің мәліметінше, экологиялық акцияға ауданның 11 ауылдық округінен 700-ден астам адам қосылған.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде қоғамдық аумақтар ретке келтірілді.

«Жалпы бірлескен күш-жігердің арқасында ауылдық округтер мен аудан орталығының көшелері мен демалыс орындарынан 12,5 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Экологиялық күннің маңызды бөлігі – ағаш көшеттерін жаппай отырғызу жұмыстары болды. Ауданда барлығы 1684 жаңа ағаш отырғызылды», – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Shares