Петропавлда өткен апта сайынғы жәрмеңкеде 5 тоннадан астам өнім сатылды

4 қазан күні Петропавл қаласында дәстүрлі апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Іс-шара қаладағы үш базарда ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Айыртау, Тайынша, Шал ақын, Аққайың, Қызылжар және М.Жұмабаев аудандары қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS.
СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, жәрмеңке қорытындысы бойынша барлығы 5223 килограмм өнім сатылып, жалпы сомасы 8 миллион 5 мың теңгені құрады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына кең ауқымды өнім түрлері ұсынылды:
Ет өнімдері: 4 ірі қара еті, 4 шошқа еті, 16 қой еті және 28 кг құс еті.
Көкөністер: 825 кг картоп, 160 кг сәбіз бен қызылша, 50 кг орамжапырақ және 25 кг пияз.
Басқа өнімдер: 1677 кг сүт өнімдері, 100 кг бал, 150 кг балық және 6720 дана жұмыртқа.

Айта кетейік, бұл жәрмеңке – жыл басынан бері облыс орталығында өткізілген 108-ші шара. Мұндай тұрақты жәрмеңкелер өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

