Қазақстанның солтүстігінде Орталық Азиядағы ең ірі ферма салынып жатыр
September 22, 2025 10:21

Агроөнеркәсіп кешеніндегі ең ірі инвестициялық жобалардың бірі Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаев ауданында жүзеге асырылуда. Мұнда «СК Агро 2050» ЖШС-нің 3600 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды QZ NEWS.
Жоба іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 25 мың тоннадан астам өнімді құрайды. Фермада 100 басқа арналған сауынды жабдық – «карусель» орнатылады. Ол Орталық Азиядағы ең ірі қондырғы болмақ.

Жобаны жүзеге асыру сүт өндірісінің көлемін айтарлықтай арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

