Қызылжар ауданының шаруалары Петропавлдағы мерекелік жәрмеңкеге 110 тонна өнім әкелді

Петропавлда Қазақстан Республикасының күніне орай ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Сауда алаңдарында мерекелік көңіл күй орнап, қала тұрғындарына облыстың барлық аудандары мен облыс орталығының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. Қызылжар ауданының шаруалары жәрмеңкеге 110 тоннадан астам өнім әкелді, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Жәрмеңке тұрғындарға мереке қарсаңында балғын әрі сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Таңертеңнен бастап Қызылжар ауданының киіз үйлері маңында кезек пайда болды. Петропавлдықтар ет және сүт өнімдерін белсенді түрде сатып алды. Көкөністерге де сұраныс жоғары болды.
Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Шақанов қала тұрғындарына ет және сүт өнімдерінің кең ассортименті, сондай-ақ картоп, қырыққабат, қызылша мен пияз сияқты балғын көкөністер ұсынылғанын атап өтті. Бұдан бөлек, мал азығы мен жемшөп өнімдері – шөп, сабан және астық қалдықтары сатылымға шығарылды.
Қызылжар ауданының сауда қатарларын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Тасмағанбетов те аралады. Ол сатушылармен және аудан кәсіпорындарының өкілдерімен әңгімелесті.
