СКО-да егіс алқаптарын әртараптандыру: өңір аграрлық үлгісін уақыт талаптарына сай қалай қайта құруда

Солтүстік Қазақстан облысы – елдің астықты аймағы. Бүгінде өңір аграрлық құрылымды сапалы жаңартудың кезеңіне қадам басты. Бұл бағытқа серпін берген – Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтар: жоғары табысты дақылдарға көшу және егіс алқаптарын әртараптандыру, деп хабарлайды QZ NEWS.
СКО әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында атап өткендей, өңірде бұл қадам стратегиялық шешім ретінде қарастырылуда – өндірістің тұрақтылығы мен табыстылығын арттыру үшін. Әсіресе әңгіме майлы және бұршақты дақылдар туралы, себебі олардың өзіндік құны астықпен шамалас болғанымен, қаржылай нәтижесі әлдеқайда жоғары.
«Майлы және бұршақты сияқты жоғары табысты, маржиналды дақылдарды өсіруге көшу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Биылғы жылы майлы дақылдардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 303 мың гектарға артып, 1 миллион гектардан асты. Нұт егістігі 155 мың гектарға көбейіп, 322 мың гектарға жетті. Майлы және жоғары маржиналды дақылдар астық дақылдарымен салыстырмалы шығынмен әлдеқайда жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді», – деді басқармада.
Баға айырмашылығы одан да айқын: зығыр – 213 мың тг/т, күнбағыс – 134 мың тг/т, бидай – 82 мың тг/т, арпа – 53 мың тг/т. Өндірістік шығындар бірдей болған жағдайда, әр тоннадан түсетін кірістегі айырмашылық еселеп жоғары, бұл әртараптандырудың экономикалық тұрғыдан тиімділігін дәлелдейді. 2025 жылға арналған қаржылық болжам да жаңа өсім моделінің қалыптасып жатқанын көрсетеді. Алдын ала есеп бойынша, СҚО-да өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 2024 жылғы 942,9 млрд теңгеден 1,05 трлн теңгеге жетуі мүмкін.
«Бұл өндіріс көлемінде ықтимал ауытқулар болған жағдайда да, агросектордағы құрылымдық өзгерістер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жалпы табыстылығын айтарлықтай арттырып, саланың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді деген сөз. Дәл осы әртараптандыру мен жоғары маржиналды дақылдарға көшудің арқасында өңірде өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі айтарлықтай өседі», – деп қорытындылады ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында.
СКО-дағы әртараптандыру – жаңа, анағұрлым тұрақты әрі табысты агроүлгінің негізі.Ол ауа райы мен нарықтағы тәуекелдерге төзімділікті арттырады, азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті нығайтады әрі бизнеске айқын бағдар береді: дақылдар қоржынының аясын кеңейтіп, қайта өңдеуді тереңдету қажет, – деп түйіндеді салалық ведомство.
