Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО әкімі М. Жұмабаев ауданындағы орақ науқанының барысымен танысты

СҚО әкімі М. Жұмабаев ауданындағы орақ науқанының барысымен танысты

September 22, 2025 09:00

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапары аясында М. Жұмабаев ауданында болып, орақ науқанының барысын бағамдады. Бүгінгі таңда мұнда егіннің 55 пайызы жиналды, бұл 419,2 мың гектар егіс алқабын құрайды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері заманауи технологияларды белсенді енгізуде. Мәселен, алқаптардың 75 пайызында ауа райын бақылау жүйелері, топырақты талдау датчиктері мен жасанды интеллект элементтері қолданылады. Бұл технологиялар жұмысты анағұрлым дәл әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік беріп, шығындарды едәуір азайтады.

Сапар барысында өңір басшысы аграрийлердің еңбек жағдайына ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Біз техниканы жаңартып, еңбек пен тұрмысқа қолайлы жағдай жасаймыз. Ауыл шаруашылығындағы жұмысшы мамандықтарын қолдау мен дамыту – жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып қала береді», — деп атап өтті әкім.

Shares