Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да мал азығын өндірудің өзекті мәселелері талқыланды

СҚО-да мал азығын өндірудің өзекті мәселелері талқыланды

July 25, 2025 10:37

Дайындық ауылында «Мал азығын өндіру – мал шаруашылығын тиімді жүргізудің негізі» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Мал шаруашылығының өнімділігін арттыру мен саланың тұрақты дамуына бағытталған бұл іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері, сондай-ақ Орал облысынан келген сарапшылар мен С.Сейфуллин атындағы ұлттық университет өкілдері қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS.

Семинарды облыс әкімінің міндетін атқарушы Марат Тасмағамбетов жүргізді. Жиын барысында қатысушылар мал азығын дайындаудың заманауи технологиялары мен мал шаруашылығын дамытуға қатысты басқа да өзекті мәселелерді қызу талқылады.

Shares