Жауынгерлер ерлігі-ұрпақ жадында: Жеңіс жолында шайқасқан Лабутиннің бес бауыры

Лабутиндер әулетінің балалары мен немерелері бүкіл бір ұрпақтың ерлігін құрметпен еске алып, жадында сақтап келеді – Ұлы Отан соғысы жылдарында бес бірдей Лабутин бауыры Отан қорғауға аттанды. Олардың батырлығы, табандылығы мен жанқиярлығы тек ел тарихының бір бөлігіне айналып қоймай, отбасының асқақ мақтанышы мен рухани тірегіне айналды. Бұл — бейбіт өмірдің бағасы мен отбасылық бірліктің соғыс сыналған күшін еске салар мәңгілік өнеге.
«Ұлы Отан соғысына менің бес арғы атам қатысқан!
Лабутин Яков Семенович 1241-ші атқыштар полкінің, 375-ші атқыштар дивизиясының, 69-армия, Степь майданы құрамында атқыштар батальонының командирі болған. 1943 жылғы 13 тамызда аға лейтенант Яков Семеновичке шабуыл жасау туралы бұйрық беріледі. Оның басқаруындағы батальонға Медицинск елді мекенін басып алып, оның батыс шетін бекініс ету тапсырмасы жүктеледі.

1943 жылғы 14 тамызға қараған түні шартты белгі берілгеннен кейін, Яков Семенович батальонды шабуылға көтереді. Батальон елді мекеннің шетіне тез жеткенде, қарсылас тарапынан минометтен қарша жауған оқ жауды. Минаның жарықшағы оның сол аяғын ауыр жарақаттайды, бірақ ол ұрысты соңына дейін басқарып, тапсырманың орындалуын қамтамасыз етеді. Тек жау атысы тоқтап, міндет толық орындалғаннан кейін ғана ол госпитальге жеткізіледі.
Ерлігі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен қатар II дәрежелі Отан соғысы ордені мен «1941–1945 жж. Германияны жеңгені үшін» медалін алған.
Екінші арғы атам – Лабутин Василий Семенович. Ол туралы дерек аз, тек 1912 жылы туғаны белгілі. 314-атқыштар дивизиясының 1078-атқыштар полкінде кіші саяси жетекші шенінде қызмет еткен. 1941 жылғы 28 қарашада қаза тапқан.

Үшінші және төртінші арғы аталарым – Лабутин Владимир мен Лабутин Николай Семенович туралы мәлімет жоқтың қасы. Белгілісі – Николай I дәрежелі Отан соғысы орденімен, III дәрежелі Даңқ орденімен және «1941–1945 жж. Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
Бесінші арғы атам – Лабутин Иван Семенович. 1917 жылы дүниеге келген. Әскери шені – кіші лейтенант, кейін лейтенант. 311-атқыштар дивизиясының 1067-атқыштар полкінде қызмет еткен. 1942 жылғы 22 ақпанда Ленинград облысы, Мга ауданы, Погостье станциясы маңында қаза тапқан.

Аталарымның ерлігін мақтан тұтамын! Жеңіс үшін рухтарына тағзым етемін!
