«Ботай» арт-галереясында халықаралық симпозиум қатысушыларының кездесуі өтті
August 15, 2025 13:38

«Ботай» арт-галереясында «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» халықаралық суретшілер симпозиумының қатысушыларын біріктірген кездесу өтті. Іс-шараға ғылым, мәдениет және өнер өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS.
Кездесу барысында мәдениетаралық ынтымақтастық, сондай-ақ ұлттық мұраның заманауи өнерге әсері туралы пікір алмасу болды. Қатысушылар әрі қарайғы әріптестіктің болашағын да талқылады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев өңір басшысы атынан қатысушыларға алғыс білдіріп, симпозиумның маңыздылығын атап өтті. Іс-шара соңында барлық қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

