Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда көше панк- сән көрсетілімі өтті

Петропавлда көше панк- сән көрсетілімі өтті

August 27, 2025 16:02

Qyzyljar Creative Centre-де қала үшін ерекше шара – PUNK FASHION SHOW сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Жобаны қазір Санкт-Петербургте тұрып, білім алып жүрген петропавлдық жас дизайнер Валерия Сокирко ұсынды. Ол өз жұмыстарында әлемдік трендтерді қазақ мәдениетінің элементтерімен батыл ұштастырады, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Қазір Санкт-Петербургте оқып, өмір сүріп жатқаныма қарамастан, мен жиі қазақ мәдениетіне жүгінемін. Себебі ол менің болмысымды айқындап, жаңа идеяларға шабыт береді, – дейді Валерия. – Менің коллекциям – панк пен гранж эстетикасын күнделікті өмірге бейімдеу, сонымен бірге жастарды шығармашылық еркіндікке, өзін еркін көрсетуге шақыру».

Коллекция панк-мәдениеттен, көше стилінен және денимнен әсер алған. PUNK FASHION SHOW жай ғана киім көрсетілімі емес, толыққанды перформанс болды: оған көркемдік қойылымдар, тақырыптық фотозона және атмосфералық әуенмен өткен after party енді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жас дизайнерлерге өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, өңірдегі креативті индустриялардың дамуына ықпал етеді. Ал петропавлдықтар үшін бұл жергілікті идеялар мен мәдени кодтардың заманауи сән бейнелеріне қалай айнала алатынын көруге мүмкіндік болды.

Shares