Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » Атақты рок-музыкант Оззи Осборн қайтыс болды

Атақты рок-музыкант Оззи Осборн қайтыс болды

July 23, 2025 09:00

Ұлыбританиялық культті рок-музыкант, Black Sabbath тобының негізін қалаушылардың бірі әрі тұрақты мүшесі Оззи Осборн сейсенбі күні, 22 шілдеде, 76 жасында өмірден озды. Қайғылы хабарды Sky News телеарнасы музыканттың отбасына сілтеме жасап таратты, деп хабарлайды QZ NEWS.

Музыканттың туыстары таратқан мәлімдемеде оның «махаббатқа бөлініп» көз жұмғаны айтылған.

«Хэви-метал жұлдызы Оззи Осборн Black Sabbath тобындағы әріптестерімен қайта қауышып, жанкүйерлеріне арналған үлкен қоштасу концертінен бірнеше апта өткен соң қайтыс болды», – делінген Sky News хабарламасында.

Соңғы жылдары Оззи Осборн Паркинсон дертімен және басқа да ауыр денсаулық мәселелерімен күресіп келген. Ақпанда жұбайы Шэрон Осборн оның сырқаты асқынып, жүре алмай қалғанын айтқан болатын. Дегенмен, оның дауысы сол күйі күшті болып қалған.

Black Sabbath тобы 1968 жылы Бирмингемде құрылған және тарихтағы ең табысты топтардың біріне айналды. Топ 75 миллионнан астам альбом сатқан. Оззи Осборнның жетістігі мен танымалдығы оған бейресми түрде «хэви-металдың крестный әкесі» деген атақ әперді.

2025 жылғы 5 шілдеде Black Sabbath өздерінің туған қаласы Бирмингемде қоштасу концертін өткізді. Бұл — топтың классикалық құрамда 20 жылдан кейінгі алғашқы бірігуі болды. Концерт кезінде қозғала алмай қалған Осборн отырып өнер көрсетті.

Shares