Солтүстікқазақстандықтардың назарына: 23 қазанда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

2026 жылғы 23 қазанда Петропавлда ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жергілікті өнімдердің кең ассортиментін қолжетімді бағамен ұсынады. Бұл туралы QZ NEWS тілшісі хабарлайды.
Қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтары ет, картоп, жаңа піскен көкөністер, сүт өнімдері, жұмыртқа, бал және басқа да тауарларды жергілікті фермерлердің өзінен тікелей сатып ала алады.
Ұйымдастырушылар өңір тұрғындарын жәрмеңкеге келіп, табиғи өнімдерді сатып алуға және Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қолдау көрсетуге шақырады.
Жәрмеңке 23 қазан, жұма күні, сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін М. Жұмабаев көшесінің бойында, Интернационал көшесінен Пионер көшесіне дейінгі аралықта өтеді.
Ал жемшөп жәрмеңкесі Жұмысшы кентінде, Космонавтов көшесі, 79/1 мекенжайында ұйымдастырылады.
