Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » «Челябі — Мәскеу» пойызы рельстен шығып кетті

«Челябі — Мәскеу» пойызы рельстен шығып кетті

April 3, 2026 16:19

3 сәуір күні таңертең Мәскеу — Челябі бағытындағы пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті. Пойызда 400-ден астам жолаушы болған, деп хабарлайды QZ NEWS rg.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаға байланысты Ульяновск көлік прокуратурасы тексеріс бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 адам зардап шеккен, олардың бесеуі — балалар. Ульяновск облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, ауыр жарақат алғандар жоқ. Қаза тапқандар тіркелмеген.

Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдемнің төрт бригадасы жіберілді. Дәрігерлер зардап шеккендерді аймақтағы ауруханаларға жеткізуді ұйымдастырды. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда вагондардың аударылып жатқанын көруге болады. Ресми емес мәліметтерге сәйкес, кейбір жолаушылар құтқарушылар келмей тұрып, терезелер арқылы өз бетімен шыққан.
Ульяновск облысының губернаторы Алексей Русский оқиға болған Бряндино станциясы маңында жедел штаб құрылғанын хабарлады. Төтенше қызметтер құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеуде.

РФ Тергеу комитетінің көліктегі орталық аймақаралық тергеу басқармасының тергеушілері мен криминалистері оқиға орнына барды.
Теміржол көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап, куәгерлерден жауап алуда. Сараптамалар тағайындалды. Ресей ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында 150-ден астам маман мен 40-қа жуық техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жолаушыларды автобустармен эвакуациялау жоспарланғаны хабарланды.
Жолаушыларды көшіру үшін Ресей темір жолдары қосымша жолаушылар вагондарынан тұратын құрамдарды жіберді. Ульяновск облысында вагондар рельстен шыққан жерде жолаушылар үшін уақытша орналастыру пункті ашылды. Құтқарушылардың жұмысы жалғасуда.

Куйбышев темір жолы өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккен жолаушыларға сақтандыру өтемақысы төленеді.

Shares