Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » Техаста фуд-блогерлер түсірілім жасап отырған мейрамханаға көлік соғылды

Техаста фуд-блогерлер түсірілім жасап отырған мейрамханаға көлік соғылды

August 19, 2025 18:29

АҚШ-тың Техас штатында фуд-блогерлер Нина Сантьяго мен Патрик Блэквуд бейнежазба түсіріп отырған мейрамханаға көлік соғылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Харрис округі шерифі кеңсесінің мәліметінше, жол талғамайтын көлік мейрамхананың терезесін бұзып кіріп, блогерлер отырған үстелге соғылған. Әйнек сынықтары жан-жаққа шашылып, залда дүрбелең басталды. Патрик пен Нина жарақат алды: ер адамның қабырғалары сынған, ал қыз бірнеше жерден кесілген жарақат алған. Екеуі де ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер жағдайын тұрақты деп бағалады.

Сондай-ақ мейрамхананың тағы үш келушісі әйнек сынықтарынан түрлі дене жарақаттарын алған.

Рөлде сол мейрамханада жеке шараға келген әйел отырған. Ол зардап шеккен жоқ. Билік оның мас немесе есірткілік күйде болмағанын растады. Жол апатының себебі әзірге белгісіз, алдын ала нұсқа бойынша – жүргізушінің педальдарды шатастырып басуы.

Shares