Қазақстанда екі әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылмақ

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттілігін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі, деп хабарлайды QZ NEWS NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулы жобасына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған төлемдер қазіргі мөлшерінен 10%-ға көбейтіледі.
2025 жылға арналған мұндай төлемдердің орташа көлемі:
- еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша — шамамен 71 082 теңге;
- асыраушысынан айырылу бойынша — шамамен 73 378 теңге.
Осылайша, 2026 жылдан бастап төлемдер ай сайын шамамен 7–7,5 мың теңгеге өседі. Бұл алушылар үшін аз болса да, тұрақты табыс көлемін арттыруды білдіреді және баға мен инфляция өсімін ішінара өтейді.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, көпшілік талқылауына ұсынылды. Ұсыныстар мен ескертулер 2025 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады.
