Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстандықтарға теле және радио хабар таратудың уақытша тоқтатылатыны ескертілді

Қазақстандықтарға теле және радио хабар таратудың уақытша тоқтатылатыны ескертілді

July 14, 2025 13:17

Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар уақытша хабар таратуды тоқтатады, деп хабарлайды QZ News Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазтелерадио» АҚ мәліметінше, телерадио хабарларын үздіксіз әрі сапалы тарату мақсатында тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«2025 жылғы 16 шілде күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында Қазақстан аумағында телерадиоарналардың уақытша хабар таратуы тоқтатылады», – делінген хабарламада.

Shares