Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қыркүйекте қазақстандықтар қосымша бір күн демалады

Қыркүйекте қазақстандықтар қосымша бір күн демалады

August 20, 2025 11:35

2025 жылдың қыркүйек айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар бір қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды QZ NEWS. Бұл мерекенің ауыстырылуына байланысты.

30 тамызда атап өтілетін Конституция күні биыл сенбіге түседі. Заңға сәйкес, демалыс күні келесі жұмыс күніне – 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, қыркүйектегі демалыс кестесі төмендегідей болады:

Бес күндік жұмыс аптасында: 1 қыркүйек – демалыс күні, 2 қыркүйек – жұмыс күні. Жалпы қыркүйекте 9 демалыс және 21 жұмыс күні болады. Алты күндік жұмыс аптасында: 1 қыркүйек – жұмыс күні. Бұл жағдайда қосымша демалыс болмайды. Қыркүйекте 4 демалыс және 26 жұмыс күні.

Shares