Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Терезеден сығалап, ішкиімін шешкен: Қазақстанда сталкинг бойынша алғашқы іс қозғалды

Терезеден сығалап, ішкиімін шешкен: Қазақстанда сталкинг бойынша алғашқы іс қозғалды

September 24, 2025 15:16

Атырау облысында алғаш рет сталкинг бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды QZ NEWS «NewTimes.kz» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 19 қыркүйекте Құрманғазы ауданының ауылдарының бірінде болған. Бақылау камералары ер адамның жергілікті тұрғынның ауласына кіріп, ішкиімсіз жүргенін, терезеден сығалап, әдепсіз әрекеттер жасағанын тіркеп алған. Суреттер мен бейнематериалдар мессенджерлер арқылы тараған.

Алғашында полиция оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалады. Әкімшілік сот құқық бұзушыға 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындаған. Алайда жәбірленуші қосымша дәлелдер ұсынғаннан кейін іс ҚР ҚК 115-1-бабы «Сталкинг» бойынша қайта сараланды.

Әйелдің туысының айтуынша, ең алдымен ескерілмей қалғаны — жыныстық сипаттағы әрекеттер: жыныс мүшелеріне қол тигізу, ішкиімін шешу және үй иесініңқыр соңына түсу. Сондай-ақ ол оқиға жария болған соң өзге жәбірленушілердің де осы ер адамға шағымданғанын жеткізді.

Еске сала кетсек, сталкинг туралы бап Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап күшіне енді. Ол 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуды, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартуды, не 50 тәулікке дейін қамауды қарастырады.

Shares