Петропавловск
+21°C
Главная страница » Құрылтай » Даяна Баймұқанова: «Құрылтай құрамына жастардың ену мүмкіндігі қуантады. Бұл – олардың үнін жеткізуге берілген үлкен мүмкіндік»

Даяна Баймұқанова: «Құрылтай құрамына жастардың ену мүмкіндігі қуантады. Бұл – олардың үнін жеткізуге берілген үлкен мүмкіндік»

July 31, 2026 11:40

Қазақстанда 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына дайындық жалғасуда. Бұл – 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңартылған Конституциядан кейінгі елдің саяси жүйесін дамытудағы жаңа кезең. Жаңа Конституцияға сәйкес, мемлекеттің жоғары өкілді әрі заң шығарушы органы ретінде 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Еліміздің барлық өңірінде сайлауалды үгіт-насихат науқаны жүргізілуде. Кандидаттар тұрғындармен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беруде.

«JE SKO ШТАБЫ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Даяна Баймұқанованың пікірінше, алдағы сайлау науқаны, ең алдымен, қазақстандық жастар үшін ерекше маңызға ие.

«Мен үшін, жастардың өкілі ретінде, алдағы Құрылтай сайлауы – еліміздің дамуындағы маңызды кезең. Құрылтай – қазақ халқының ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі институты. Ол маңызды шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Әрбір азамат үшін бұл – Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдердің қабылдануына қатысуға берілген үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ Құрылтай құрамына жастардың ену мүмкіндігі де қуантады. Бұл – жастардың үнін естіртіп, олардың тек мәселе көтеріп қана қоймай, оны шешуге де дайын екенін көрсетуге берілген тамаша мүмкіндік. Бүгінде жастар түрлі бастамаларды ұсынып, әлеуметтік жобаларға қатысып, волонтерлікпен айналысып, өңірлердің дамуына өз үлесін қосып келеді», – деді Даяна Баймұқанова.

Shares