Петропавловск
+21°C
Главная страница » Құрылтай » Гүлбақша Мұсабаева: «Әрбір депутат халық алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі тиіс»

Гүлбақша Мұсабаева: «Әрбір депутат халық алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі тиіс»

August 1, 2026 13:40

23 тамызда өтетін Жалпыұлттық Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында жаңа өкілді органның рөлі мен болашақ депутаттарға қойылатын талаптар кеңінен талқылануда. Осыған байланысты заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаева өз пікірін білдірді, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Оның айтуынша, сайлауға 546 кандидат қатысады. Алайда жаңа бір палаталы парламенттің құрамына олардың тек 145-і ғана өте алады. Сондықтан әрбір кандидат азаматтар алдындағы жоғары жауапкершілікті терең сезінуі қажет.

«Әрбір депутат халық алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс. Жаңа бір палаталы парламенттегі орын саны шектеулі. Сондықтан Құрылтай құрамына халықтың мүддесін адал қорғайтын, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуге дайын азаматтар енуі керек», – деді Гүлбақша Мұсабаева.

Ол сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында жаңа Конституция талаптарына сәйкес кандидаттардың партиялық тізімі қалыптастырылып жатқанын атап өтті.

«Біздің Солтүстік Қазақстан облысы да жаңа Конституция талаптарын басшылыққа ала отырып, партиялық тізімдер бойынша өз кандидаттарын ұсынуда», – деді заң ғылымдарының кандидаты.

Гүлбақша Мұсабаеваның пікірінше, алдағы сайлау Құрылтайдың жаңа құрамын қалыптастырудағы маңызды кезең болады. Ал оның тиімді қызметі сайланған депутаттардың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және қоғам алдындағы ашықтығына тікелей байланысты.

Shares