Қазақстан ОСК-сы Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады
August 25, 2026 15:09

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстанның бір палаталы Парламенті – Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды QZ NEWS Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
25 тамыздағы дауыс берудің түпкілікті нәтижелері төмендегідей:
- «Әділет» партиясы – 71,17 пайыз;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11 пайыз;
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,07 пайыз;
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 3,11 пайыз;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26 пайыз;
- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,21 пайыз;
- Respublica партиясы – 5,56 пайыз.
- Барлығына қарсы – 2,51 пайыз.
Құрылтайға өту үшін партиялар дауыс беруге қатысқан азаматтардың кемінде 5 пайызының дауысын жинауы керек болды.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адамды құрады. Сайлауға 9 351 539 адам немесе сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,08 пайызы қатысты.
Әбдіровтің айтуынша, бұл сайлауға 2026 жылғы 15 наурызда өткен Конституция бойынша референдуммен салыстырғанда 224 мыңға көп сайлаушы қатысты.
