20 наурызда СҚО-да жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі
March 19, 2025 15:38

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыс пен солтүстікте жаңбыр, қар, көктайғақ, күндіз жаңбыр жауады, деп хабарлайды QZ News.
Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, батыс пен оңтүстікте жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Петропавл қаласында да 20 наурызда түнде жаңбыр, қар, көктайғақ, күндіз жаңбыр және тұман күтіледі.
