30 шілдеде СҚО-да нөсер жаңбыр, найзағай және дауылды жел болады

30 шілде күні ауа райының күрт нашарлауына байланысты СҚО тұрғындарына дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, өңірде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды QZ NEWS.
СҚО-ның батысы мен солтүстігінде: жаңбыр, дауыл, найзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Облыстың оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыстан және солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қолайсыз ауа райына байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды барынша сақ болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Мүмкіндігінше үйде болуға, жеке көлікпен жолға шықпауға, көліктерді ағаштардың немесе бекітілмеген құрылымдардың астына қоймауға кеңес беріледі.
