Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Аймақ басшысы ілкімді істер қолға алынған Уәлиханов ауданында болды

Аймақ басшысы ілкімді істер қолға алынған Уәлиханов ауданында болды

August 12, 2024 16:00

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Уәлиханов ауданына жасаған жұмыс сапары барысында инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Уәлиханов ауданындағы өзекті мәселелердің бірі – жолдардың жағдайы. Дәуіт ауылынан Кішкенекөлге дейінгі жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. Кішкенекөлден РФ шекарасына дейін орташа жөндеу басталады.  Ұзындығы 35 шақырымды құрайтын «Өндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл» облыстық жолы жөнделіп, елді мекендер арасындағы қатынас жақсармақ. Сондай-ақ мұнда су тасқыны кезінде зардап шеккен көпір қалпына келтірілуде. Ақтүйесай ауылында 11 көшеге асфальт төселініп жатыр. Сонымен қатар ауылда фельдшер-акушерлік пункт салынуда.

Аудан орталығы – Кішкенекөлде бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар пайдалануға берілмек. Бұл – заманауи емхана және спорт залы бар жабық бассейн. Сондай-ақ аудан орталығында стадион мен мектеп күрделі жөндеуден өтуде.

Сонымен қатар, өңір басшысы «Жолдасбай Агро» серіктестігінің егістік және астық қабылдау нысанында болып, Уәлиханов ауданының шаруаларымен кездесті.

СҚО әкімі Ақжар ауданында Бостандық-Киевское жолындағы жөндеу жұмыстарын бақылап, Талшық пен Тайыншадағы орталық қазандықта жылыту маусымына дайындық барысын тексерді. Сондай-ақ Тайынша ауданында бөдене фермасы мен “Alabota GCK” ЖШС асыл тұқымды асылдандыру кешенінде болды.

Shares