Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Белсенділер мен мемлекеттік қызметкерлер Қызылжар ауданындағы тас жолын қоқыстан тазартты

Белсенділер мен мемлекеттік қызметкерлер Қызылжар ауданындағы тас жолын қоқыстан тазартты

September 4, 2025 16:11

«Таза Қазақстан» және «Таза бейсенбі» акциялары аясында Қызылжар ауданында сенбілік өтті. Қатысушылар әуежайдан бастап Новоникольское ауылына дейінгі жол жиегін қоқыстан тазартты, деп хабарлайды QZ NEWS.

Тазалық жұмыстарына «AMANAT» партиясының белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, жастар ұйымдары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Олар тұрмыстық қоқыстар мен пластик қалдықтарды жинап, ауданның басты көлік жолын абаттандырды.

«AMANAT» партиясы Қызылжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрлан Тельтаевтың айтуынша, мұндай акциялар тек қана қоқыс жинау емес, сонымен қатар халық арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

«Біз үлгі көрсетіп, әрбір аудан тұрғынын артында қоқыс қалдырмауға шақырғымыз келеді. Тазалық – әрқайсымыздан басталады», – деді ол.

Shares