Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Даму» қоры СҚО-дағы ірі ұн өндіруші кәсіпорынның айналым қаражатын қалай қолдап отыр

«Даму» қоры СҚО-дағы ірі ұн өндіруші кәсіпорынның айналым қаражатын қалай қолдап отыр

October 10, 2025 16:18

«DEZ» компаниясы – Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі ұн өндіретін кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның тұрақты дамуына және айналым қаражатын қолдауға «Даму» қоры көмектесті. QZ News тілшісіне компанияға көрсетілген мемлекеттік қолдау туралы баяндалды.

«DEZ» кәсіпорны жоғары және бірінші сортты ұн өндіреді, ал бидайды 5 мың гектар жерде өсіреді. Компания тарихы 2002 жылдан басталады. Осы уақыт аралығында өндіріс көлемі ұлғайып, нарықта шынайы бәсекеге қабілетті кәсіпорынға айналды. Қазіргі таңда зауыт өз өнімін солтүстікқазақстандықтарға да, шетел тұрғындарына да жеткізеді.

«Өнімнің 75–80 пайызын экспорттаймыз. Ауғанстанға көп көлемде, сонымен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдеріне жібереміз. Соңғы 2–3 жылда Түркияға да үлкен көлемде жасымық экспорттап жатырмыз, сонымен қатар зығыр да жөнелтеміз. Келесі жылға жоспарымыз бар: шикізатты өңдеп, дайын өнім түрінде экспорттаймыз. Бұл – жасымық», – деді кәсіпорын директорының орынбасары Зекаи Танрыкулу.

Зекаи Танрыкулуның айтуынша, ұжымда шамамен 75 қызметкер еңбек етеді, олардың орташа жалақысы – 350 мың теңге. Кәсіпорында тәулігіне шамамен 280 тонна астық өңделеді. Кәсіпорынның айналым қаражатын толықтыруға «Даму» қорының «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы көмектесті. Кәсіпкер үшін пайыздық мөлшерлеме 12,6%-ға дейін төмендетілген.

Shares