Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Eco Move Qyzyljar» жастарды этносаралық келісімді нығайтуға біріктірді

«Eco Move Qyzyljar» жастарды этносаралық келісімді нығайтуға біріктірді

August 26, 2025 14:16

Петропавлдың Орталық саябағында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Eco Move Qyzyljar» экоакциясы өтті. Оның мақсаты – жастар арасында табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру, деп хабарлайды QZ NEWS.

Іс-шараны СҚО әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ ұйымдастырды.

Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Б.С. Мұқанова еріктілермен түсіндіру жұмысын жүргізді. Негізгі тақырыптар ретінде этносаралық және конфессияаралық қатынастарда «жауласу тілінің» алдын алу, сондай-ақ бейәдеп сөздермен күрес мәселелері қозғалды.

Шараға облыстың 14 спорттық мекемесінен 450-ден астам еріктілер мен тәрбиеленушілер қатысты. Олардың қатарында «Жеңіс» ОРМБЖСМ, «Барс» БЖСМ «Дельфин» ОРМБЖСП және басқа да ұйымдар бар.

Shares