Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Елорда нейрохирургі Петропавлда шеберлік сабағын өткізді

Елорда нейрохирургі Петропавлда шеберлік сабағын өткізді

September 4, 2025 11:05

Петропавлдағы көпсалалы облыстық ауруханада ми тамырлары ауруларын емдеу бойынша шеберлік сабағы өтті. Оны Астанадан арнайы келген «Ұлттық нейрохирургия орталығының» жетекші маманы, нейрохирург-дәрігер Бауржан Конақбаев жүргізді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ол солтүстікқазақстандық әріптестерімен бірге күрделі оталар жасады: артериовеноздық мальформацияны және ми аневризмасын эмболизациялау. Артериовеноздық мальформацияны (АВМ) эмболизациялау – бұл артериялар мен веналардың ретсіз байланысынан құралған тамырлық түйінді жоятын аз инвазивті нейрохирургиялық әдіс.

Мұндай емді облыстың үш тұрғыны алды. 1954, 1976 және 1982 жылы туған науқастардың барлығы дертінен айығып, ауруханадан шығарылды.

Барлық оталар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілгені атап өтілді. Бұл пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Shares