Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Кәсіпкер Зарина Мавляни Солтүстік Қазақстан облысының әкімінен көмек сұрады

Кәсіпкер Зарина Мавляни Солтүстік Қазақстан облысының әкімінен көмек сұрады

Сән үйінің иесі Зарина Мавляни кәсіпкерлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауапбергенде аймақ басшысынан көмек сұрады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Кәсіпкер әйелдің айтуынша, кәсібі өркендеп келеді. Бірнеше жыл жұмыс істеген ол жалғаберу үшін ұлттық нақышта бес мыңға жуық сәнді киімдер мен аксессуарларды жасап, сонымен қатар жеке тапсырыстарды орындады. Кәсіпкер мұнымен тоқтап қалмақ емес.

«Кәсібімді кеңейту үшін маған меценаттардың көмегі қажет. Олардың қаражаты тігінмашинасын алуға жұмсалады. Оның құны 15 миллион теңгеге жетеді. Әйелдерге ғана емес, ерлерге де арналған киімдер тіккім келеді», – дейді кәсіпкер Зарина Мавляни. 

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Зарина Мавляниге көмектесетін меценаттарды табуға  тырысатынын айтты. Ол аймақ басшысын 21 желтоқсан күні сағат 17:00-де қазақ театрында өтетін көрсетілімге шақырды. Көрмеде дизайнер әртүрлі киімдермен қатар, балалар мен мұғалімдерге арналған мектеп формасын ұсынады.

Shares