Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Менің екі ана тілім бар»: СҚО-лық блогер қазақ тілін білудің маңыздылығы туралы айтып жүр

«Менің екі ана тілім бар»: СҚО-лық блогер қазақ тілін білудің маңыздылығы туралы айтып жүр

July 25, 2025 17:28

Қызылжар ауданының тұрғыны Максим Кузнецов Instagram желісіндегі @qyzyljar_batyry парақшасында қазақ тілін үйренудің және оны қолданудың маңыздылығы туралы жиі айтып, оқырмандарымен ой бөлісіп отырады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ол өз бейнежазбаларында екі ана тілі туралы айтады — орыс тілі мен қазақ тілі.

– Орыс тілі ол менің ана тілім. Себебі менің ұлтым орыс. Қазақ тілі – себебі бұл менің Отанымның, менің мемлекетімнің тілі. Бүгінде тілді өз бетімізше үйренуге болатын көптеген құралдар бар. Ұялы қосымшалар, оқулықтар, әлеуметтік желілердегі топтар мен чаттар – бәрі тіл үйренуге көмектеседі. Ең бастысы – ниет пен жүйелі жұмыс. Тіл – бізді жан-жақтан қоршап тұр. Көше атауларында, маңдайшаларда, әндерде, тіпті адамдардың әңгімесінде. Осы әлемге есік ашып, тілді күнделікті өмірде қолдана бастау керек, – дейді Максим.

Ол өз оқырмандарына қазақ тілі – тек мемлекеттік тіл ғана емес, халықтың жаны екенін үнемі ескертіп отырады.

– *«Қош келдің» дегенде бірден жүрегің жылып кетеді. «Спасибо» емес, «рахмет» деп айтқанда, «хорошо» емес, «жақсы» деп жымиғанда – бұл адамдардың арасындағы көпір. Қазақ тілі – бөтен емес. Ол жанымызда: әндерде, амандасуда, көше атауларында, жүректерде. Сен қай ұлттан болсаң да, қазақша сөйлесең – осы мәдениеттің бір бөлшегісің. Қателесуден емес, бейжайлықтан қорқу керек», – дейді блогер.

Shares