Найзағай, бұршақ және екпінді жел: СҚО ТЖД дауылды ескерту жариялады
July 14, 2025 14:50

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті 15 шілдеге дауылды ескерту жариялады. Өңір тұрғындарынан ауа райының қолайсыздығына байланысты барынша сақ болу және қауіпсіздік шараларын сақтау ескертіледі, деп хабарлайды QZ News.
Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде найзағай болжануда, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал Батыс және оңтүстік өңірлерде тұман болады деп күтіледі, бұл жолдағы көріну қашықтығын айтарлықтай төмендетеді.
Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғады. Күндіз батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.
