Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда 29 наурыз күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Петропавлда 29 наурыз күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

March 28, 2025 10:49

29 наурызда Петропавлда аудандық тауар өндірушілердің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды QZ News.

Жәрмеңкеде қала тұрғындары үшін 25-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады. Олардың қатарында сиыр, шошқа, қой еті, құс еті, сүт өнімдері, картоп, көкөністер, бал және басқа да тауарлар бар. Өнімдердің бағасы нарықтағыдан 10-15% төмен болады.

Жәрмеңке келесі орындарда ұйымдастырылады:

«Алтын Арман» базары – Ақжар, Ғ. Мүсірепов және Тимирязев аудандары

«Қызылжар Ақбастау» базары – Есіл, Жамбыл, Уәлихан аудандары

«Дария» базары – Мамлют ауданы

Жұмыс уақыты: 08:30-12:00.

Shares