Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру жалғасуда

Петропавлда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру жалғасуда

September 23, 2025 12:48

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасып жатыр. СҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, өңірлік тұрақтандыру қоры тауарларды жергілікті өндірушілерден сатып алып, қала мен аудан дүкендеріне жеткізуде, деп хабарлайды QZ NEWS.

Қор «Агрос», ЖК Золоторев, «Мельничук» және басқа да жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардан өнімдер сатып алады. Тек қант, өсімдік майы, күріш пен тұзды өзге жеткізушілерден алуда.

«Тұрақтандыру қорының өнімдері қала бойынша 35 дүкенде және халық көп жүретін жерлерде орналасқан қордың 8 жеке сауда нүктесінде сатылады. Қордың өз нүктелеріне тауарлар күн сайын жеткізіледі, ал супермаркеттерге апта сайын үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жеткізіледі», – делінген хабарламада.

Тұрақтандыру қорының өнімдерін алуға болатын орындар тізімі:

  • «Дария» базары
  • «Алтын арман» базары
  • «Корона» сауда үйі
  • «Тайга» базары
  • «Океан» сауда үйі
  • «Алматы-Петропавл» базары
  • «Қызылжар» базары
  • Бескөл ауылы, «Қазпошта» АҚ ғимараты
Shares