Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасына 89 бастауыш сынып оқушысы қатысты

Петропавлда «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасына 89 бастауыш сынып оқушысы қатысты

March 3, 2025 17:00

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Қызылжар дарыны» «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді, деп хабарлайды QZ News.

Олимпиадаға облыстың 2-4 сыныптарында оқитын 89 оқушы қатысты. Әр команданың құрамында үш оқушы болды: әр сыныптан бір оқушыдан.

“Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде бір кезеңде – «Бәйге» (жеке жазбаша тур) форматында өтті. Бұл олимпиаданың басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін анықтау, қолдау көрсету, білімдерін тереңдету және кеңейту. Солтүстік Қазақстан облысының командасы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңде аймақ намысын қорғайды”, – деп мәлімдеді «Қызылжар дарыны» орталығы.

Shares