Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда Премьер-Министр 1-ші көтергіш сорғы станциясының жаңа технологиялық жабдықтарымен танысты

Петропавлда Премьер-Министр 1-ші көтергіш сорғы станциясының жаңа технологиялық жабдықтарымен танысты

Петропавл қаласында Премьер-Министр қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, өткен жылғы су тасқыны кезінде апаттық жағдайда жұмысын тоқтатқан 1-ші көтергіш сорғы станциясының жаңа технологиялық жабдықтарымен танысты. 70-ші жылдары салынған сорғы станциясы 50 жыл бойы жөнделмеген, деп хабарлайды QZ News.

Қайта жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 2 сорғы орнатылған, олар құрғақ және су астындағы ортада да жұмыс істей алады. Сондай-ақ, сыртқы әсерден және механикалық зақымданудан қорғау үшін электр кабельдері жер астымен жүргізілген. Бұл шаралар су басу жағдайында да тұрақты электр энергиясының берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Петропавл қаласы айналма жолының Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Бұл жол Орталық-Солтүстік көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылады, ол Щучинск, Кокшетау және Петропавл қалаларын Ресей Федерациясының шекарасымен байланыстырады, сондай-ақ облыс орталығындағы Есіл өзенінің екі көпірінің бірі болып табылады. Су тасқыны кезінде бұл жол қорғаныс бөгеті қызметін атқарады, алайда 2024 жылы су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде су төгілуі орын алып, Ойқала ауданы су астында қалды.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қала айналма жолын реконструкциялау, үйіндінің биіктігін арттыру, қорғау құрылыстарын орнату және Есіл өзені арқылы көпір салу жоспарланған. 71 миллиард теңге тұратын жоба алғашқы кезеңде республикалық бюджеттен 18 миллиард теңге бөлініп қаржыландырылатын болады.

Сонымен қатар, Премьер-Министрге жасанды интеллект элементтері бар технологиялық мүмкіндіктер таныстырылды. Атап айтқанда, «Біріңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы ұсынылды. Бүгінде бұл жүйе Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белсенді түрде қолданылуда. Биылдан бастап бұл жүйе Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайын бақылау үшін пайдаланылатын болады, әрі оның қолданылу ауқымы басқа су тасқыны қаупі бар аймақтарға кеңейтілмек.

Жедел ақпарат беру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылатын болады, бұл жерлерден ақпаратты жылдам алу мүмкіндігін береді. Бұл жағдайды дұрыс бағалауға және қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Shares