Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда ҚХА-ның 30 жылдығы мен ҚР Конституциясына арналған сессия өтті

Петропавлда ҚХА-ның 30 жылдығы мен ҚР Конституциясына арналған сессия өтті

August 20, 2025 22:30

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті. Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Іс-шара ҚХА мен ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Мемлекет басшысы ҚХА-ның XXXIV сессиясында атап өткен тапсырмалар қатарында «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын жүзеге асыруға мәдениет пен өнерді кеңінен тарту бар. Бұл міндеттер СҚО-да жүйелі әрі нәтижелі орындалып келеді.

«Облыстық ассамблея этносаралық келісімді нығайту, мемлекеттік тілді насихаттау, жастарды қоғамдық өмірге тарту бағытында белсенді жұмыс атқарып отыр. ҚХА өкілдері нағыз азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетуде. Дәл осылай «Адал азамат» ұғымының мәні ашылады – яғни сөзі мен ісі ел игілігіне қызмет ететін адал әрі елжанды азамат», – деді СҚО әкімі.

Сессияда Ассамблеяның қызметінің нәтижелерімен қатар, жаңа мақсаттар да айқындалды. ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жас мамандардың өз әлеуетін ашуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау маңызды екенін атап өтті. Жастарға үлкен мүмкіндік берген «Ассамблея жастары» ұйымының филиалы біздің өңірде де жұмыс істейді. Онда жастар волонтерлікпен айналысып, өз жобаларын әзірлеп, этностар арасындағы бірлікті нығайта алады.

«Жастардың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. «Ассамблея жастары» ұйымы СҚО-да да, республикалық деңгейде де белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қазір ұйым трансформацияланып, сервистік үлгі қағидаты бойынша қызмет етуде. Өңірде көптеген талантты жастар жұмысқа тартылып отыр», – деді «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев.

СҚО полициясы атынан Петропавл қаласының №1 полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Виктория Вьюшкина сөз сөйледі. Ол құқық қорғау органдары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Сессия аясында ҚХА-ның белсенді қатысушылары өңірдегі бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен және «Алғыс» төсбелгісімен
марапатталды.

Shares