Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда «TIL FEST» фестивалі кең көлемде өтті

Петропавлда «TIL FEST» фестивалі кең көлемде өтті

September 5, 2025 18:00

Петропавлда Қазақстан халқы тілдері күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «TIL FEST» фестивалі өтті. Шара Qyzyljar Creative Center скверінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Фестивальдің мақсаты – азаматтық бірлікті нығайту және этностар арасындағы мәдени өзара ықпалдастықты дамыту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара барша этнос өкілдерінің бір шаңырақ астындағы бейбіт өмірін паш етіп, қоғамдағы тілдердің рөлін арттыруға бағытталған.

Фестивальге Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысты. Ол бұл мерекенің – достықтың, өзара сыйластықтың және туған тілге деген сүйіспеншіліктің баршаны біріктіретін айқын дәлелі екенін атап өтті. Сондай-ақ Жүсіп Жұмағұлов билеп жүрген жастарға қосылып, қолдау мен бірлікті көрсетті. Бұл қадам – мәдениет пен дәстүрдің адамдарды мәртебесіне қарамастан біріктіретінінің символына айналды.

Мерекенің маңызын Кемел Оспанов та атап өтті.

«Тілдер күні – Қазақстан тұрғындарының барлығы үшін ерекше мәнге ие мереке. Тіл – жай ғана қарым-қатынас құралы емес, ол түрлі ұлттарды біріктіретін қуатты күш. Ол әр халықтың мәдениетін, дәстүрін, тарихын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді», – деді Кемел Оспанов.

Сквер аумағында этномәдени бірлестіктердің қолөнер туындылары қойылған жартылай киіз үйлер орнатылды. Сонымен қатар шығармашылық шеберлік сабақтары мен балаларға арналған ойын алаңдары ұйымдастырылды.

 

Фестиваль аясында мемлекеттік тіл саясатының дамуына үлес қосқан 10-нан астам солтүстікқазақстандық марапатталды. Мереке шығармашылық ұжымдардың ұлттық әндер мен билерді орындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Shares