Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданында қылмыспен және қоқыс үйінділерімен күреске арналған Жедел басқару орталығы іске қосылды

Қызылжар ауданында қылмыспен және қоқыс үйінділерімен күреске арналған Жедел басқару орталығы іске қосылды

August 13, 2025 09:18

Қызылжар ауданында полиция жұмысының тиімділігін арттырып, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған Жедел басқару орталығы (ЖБО) ашылды. Орталыққа СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барды, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесіне цифрлық технологияларды жедел енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында құрылған жаңа орталық алғашқы нәтижелерін көрсетті. ЖБО көшедегі бейнебақылау жүйесі мен жол жағдайын бақылауды біріктіреді.Бұл жоғары жылдамдық пен тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді. Орталықты енгізу нәтижесінде ауданда құқықбұзушылықтардың ашылу деңгейі екі есе артты», — деді СҚО әкімі.

Сонымен қатар, ЖБО «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында рұқсатсыз және бейберекет қоқыс үйінділерін анықтауда белсенді қолданылуда. Жоспарда — Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында осындай орталықтар ашу.

Shares