Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қызылжар ауданының тұрғындары жаңа әкіммен бірге сенбілікке шықты

Қызылжар ауданының тұрғындары жаңа әкіммен бірге сенбілікке шықты

August 18, 2025 11:20

Бескөлде ауқымды сенбілік өтті. Оған Қызылжар ауданының жаңа әкімі Бейбіт Исманов та қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS.

Аудан ұйымдарымен бірлесіп балалар ойын алаңдары мен көшелерді абаттандыру жұмыстары, сондай-ақ аудан орталығындағы бекітілген учаскелерді ретке келтіру шаралары жүргізілді. Бұдан бөлек, экологиялық акцияларға апта сайын барлық ауылдық округтер қатысуда.

Айта кетейік, бұл аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың бастамасы ғана.

Shares