«Қызылжар Сұңқар-2025»: оқушылар әскери дайындықтың негіздерін меңгерді

«Қызылжар Сұңқар-2025» әскери-патриоттық бастамасы аясында Қызылжар ауданының оқушылары әскери дайындықтың бастапқы дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді. Іс-шара «Серебряный бор» балалар сауықтыру лагерінің аумағында өтіп, оқушыларға әскери өмірдің қыр-сырын танып-білуге ерекше мүмкіндік берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бұл алаңның мақсаты – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық рухын, азаматтық жауапкершілігін және Отанды қорғауға дайындығын қалыптастыру.

Сабақтар барысында оқушылар саптық дайындықтың негізгі элементтерін игеріп, тактика мен стратегия туралы түсінік алып, арнайы жабдықтармен жұмыс істеу ережелерімен танысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар мұндай бастамалардың жастарды жан-жақты дамыту мен болашақ ел қорғаушыларын даярлаудағы маңызын ерекше атап өтті.

