Рузаевка ауылында аулаларды су басу қаупі құтқарушылардың көмегімен жойылды
March 20, 2025 12:52

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері Рузаевка ауылындағы су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды QZ News.
Луговая көшесі мен “Шельф” жанармай бекеті маңындағы су өткізу құбырлары тазартылып, еріген судың кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді. Ведомствоның мәліметінше, егістіктерден аққан су ағындары табиғи арналар арқылы Жембарақ өзеніне бағытталған.
