Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысында су жүйелерін дамытуға 74 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында су жүйелерін дамытуға 74 млрд теңге бөлінді

July 16, 2025 11:26

Солтүстік Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйелері мен топтық су құбырларын дамытуға барлық қаржыландыру көздерінен 74 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. Оның ішінде 45,2 млрд теңге арнайы мемлекеттік қордан, 18 млрд теңге республикалық бюджеттен және 11,1 млрд теңге облыстық бюджеттен бөлінді. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Су ресурстары комитеті арқылы топтық су құбырларын салу мен қайта жаңғыртуға 42 млрд теңге, ал сумен жабдықтау нысандарын салу, реконструкциялау, жөндеу және кешенді блок-модульдерді орнатуға 32,3 млрд теңге бағытталды.

«Қазіргі уақытта 64 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда (оның 31-і – жаңа құрылыс, 33-і – реконструкция). Бұл жобалардың 31-і 37 ауылда орталықтандырылған сумен қамтуды кеңейтуге бағытталған және олар толық көлемде қаржыландырылып отыр. Бөлінген 24,7 млрд теңгенің 7 млрд теңгеден астамы игерілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады», – деді Данияр Қуанышбаев облыс әкімдігінде өткен жиында.

Shares