Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі «Qyzyljar» АЭА-дағы инженерлік инфрақұрылым құрылысына тексеріс жүргізді

СҚО әкімі «Qyzyljar» АЭА-дағы инженерлік инфрақұрылым құрылысына тексеріс жүргізді

September 5, 2025 20:53

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының №3 субаймағында инженерлік инфрақұрылым құрылысының барысын тексерді. Аумағы 160 гектар жерге 16 зауыт салу жоспарланған, оның сегізінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Бұл жобалар өңір экономикасының дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашады. Өндірістердің сәтті іске қосылуы инженерлік инфрақұрылыммен уақытылы қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Сондықтан біздің міндетіміз – болашақ кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайды жасау», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Субаймақ қазірдің өзінде су және электрмен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін жылумен қамту, сондай-ақ автокөлік жолдары, нөсерлі кәріз жүйесі мен көше жарығын салу жұмыстары аяқталмақ.

Жыл соңына дейін «Qyzyljar» АЭА-да екі өндіріс іске қосылады:

  • Жылына 2,4 мың тонна өнім беретін саңырауқұлақ фермасы.
  • Жылдық өндірістік қуаты 4 мың тонна болатын компост зауыты.

Бұл жобалар Солтүстік Қазақстан облысы мен шекаралас өңірлердің саңырауқұлақ өнімдеріне деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Shares