СҚО әкімі Қызылжар ауданындағы қорғаныс бөгеттерінің қайта жөнделу барысын тексерді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Қызылжар ауданына барды. Ол Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарындағы қорғаныс бөгеттерінің қайта жөнделу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды QZ NEWS. Қазіргі уақытта нысандарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
«Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал су тасқынының алдын алу үшін аса маңызды. Оның сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударылуда. Құрылыстың әр кезеңін тұрақты бақылауда ұстау қажет», — деді өңір басшысы.

Сапар аясында әкім облыс орталығындағы Универсальная көшесінде салынып жатқан көпір құрылысын да тексерді. Бұл нысан Петропавлдың көлік инфрақұрылымын жақсартуға және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруда айрықша мәнге ие. СҚО әкімі жұмысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
