Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО ауыл шаруашылығы өнімдері көлемі бойынша еліміздің үздік үштігіне кірді

СҚО ауыл шаруашылығы өнімдері көлемі бойынша еліміздің үздік үштігіне кірді

December 4, 2025 19:05

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірде айтарлықтай экономикалық өсім тіркелгенін айтты. СҚО-ның қысқа мерзімді экономикалық индексі негізгі салалардың барлығындағы оң динамиканың арқасында 13%-ға өсті, деп хабарлайды QZ NEWS.

Елеулі табысқа жеткен салалардың бірі – жалпы өңірлік өнімнің төрттен бірін құрайтын агроөнеркәсіптік кешен. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 878,3 млрд теңгеге жетіп, СҚО-ның Қазақстан бойынша үштікке кіруіне және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік берді.

«Өңірде Қазақстандағы астық пен майлы дақылдардың ¼ бөлігі, сондай-ақ сүттің 1/10 бөлігі өндіріледі. Егіншілік саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізілді: 4,3 млн гектар алқаптан өнім жиналды, майлы дақылдар алаңы 1 млн гектарға дейін ұлғайды. Бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіш.
Майлы дақылдар бойынша тарихи максимумға қол жеткізілді – 1,2 млн тонна. Биыл облыс бойынша орташа өнімділік гектарына 21,4 центнерді, ал жалпы өнім көлемі рекордтық 6,5 млн тоннаны құрады. Кейбір шаруашылықтар гектарынан 60 центнерден астам өнім алды», – деді өңір басшысы брифинг барысында.

Shares