Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 2030 жылға дейін төрт халықаралық өткізу пункті жаңғыртылады

СҚО-да 2030 жылға дейін төрт халықаралық өткізу пункті жаңғыртылады

September 22, 2025 13:39

Солтүстік Қазақстан облысында 2030 жылға дейін төрт халықаралық өткізу пунктін жаңғырту жоспарланған. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды QZ NEWS.

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Мамлют ауданындағы «Жаңа жол» автокөлік өткізу пунктін аралап көрді. Автомобиль өткізу пункттерін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында мұнда ауқымды қайта құру жұмыстары қарастырылған. Жоба автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізуді және жүк пен жолаушыларды жедел ресімдеуге арналған «жасыл дәліздер» құруды қамтиды.

Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар Мамлютка – «Жаңа жол» өткізу пункті бағытындағы 30 шақырымдық автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын.

2030 жылға дейін жаңғырту жұмыстары сондай-ақ «Қызылжар», «Қарақоға» және «Бидайық» өткізу пункттерінде де жүргізілмек. Бұл өңірдің көлік және логистикалық инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Shares