Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 10 финалисі анықталды

СҚО-да «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 10 финалисі анықталды

July 14, 2025 19:18

Петропавлда Қала күніне орай өткен «Бір ауыл – бір өнім» көрме-жәрмеңкесінің қорытындысы шығарылды. Биыл бұл жобаға Петропавл қаласы мен аудандардан 32 тауарөндіруші қатысты, деп хабарлайды QZ News.

Еске сала кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» мен оның өңірлік бөлімшелерімен бірге үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты – әр ауылдың бірегей шикізаты мен ресурстарына негізделген жергілікті өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнім шығару және ауыл кәсіпкерлерін қолдау. Жоба тұжырымдамасы жапондық аймақтық брендтерді дамыту моделіне негізделген.

Байқау комиссиясының шешімімен келесі 10 кәсіпкер екінші кезеңге өтті:

 1.⁠ ⁠Ибадат Момынова, ЖК «Моминова И. Р.» (Петропавл қ.) – донерлерге арналған түрік айранының өндірісі;

 2.⁠ ⁠Виктория Иванова, ЖК «Зефирные облака» (Петропавл қ.) – зефир шығару;

 3.⁠ ⁠Досым Ахмер (Тайынша ауданы) – қымыз өндіру;

 4.⁠ ⁠Мадина Қайырова, «Қайырова М. Б.»ЖК (Тайынша ауданы) – үйде ысталған ет өнімдері;

 5.⁠ ⁠Серік Құшықбаев (Тайынша ауданы) – ешкі сүтінен жасалған йогурт;

 6.⁠ ⁠Арман Смағұлов, «QAZAQ QOY SOLTYSTIK» ЖК (Тимирязев ауданы) – қой етінен тушенка өндіру;

 7.⁠ ⁠Күлжиян Қалиева (Ақжар ауданы) – киізден тігілген сырт киім;

 8.⁠ ⁠Альфия Бекчентаева, «Бекчентаева А. Г.» ЖК (Мамлют ауданы) – ірімшік пен ысталған шұжық өнімдері;

 9.⁠ ⁠Елена Басырева, «Басырева» ЖК (Мамлют ауданы) – дәмдеуіштер мен көкөніс консервілері;

10.⁠ ⁠Дмитрий Шадрин (Жамбыл ауданы) – балмұздақ өндірісі.

«10 финалист өз жобаларын бренд-комитет алдында қорғауы тиіс. Комитет аймақтық кезеңнің кемінде үш жеңімпазын анықтайды. Олар республикалық «Бір ауыл – бір өнім» көрме-жәрмеңкесінде СҚО-ны таныстырып, өз өнімдерін нарыққа ілгерілетуге мүмкіндік алады», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

Shares