Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің филиалы ашылды

СҚО-да Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің филиалы ашылды

September 1, 2026 16:18

Солтүстік Қазақстан облысында еліміздегі жетекші бейінді жоғары оқу орындарының бірі – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің филиалы жұмысын бастады. Бұл – Қазақстанның солтүстік өңірінде ашылған алғашқы шығармашылық жоғары оқу орнының филиалы, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Оқу жылын еліміздің 15 облысынан, сондай-ақ Астана, Петропавл және Шымкент қалаларынан келген 97 студент бастады. Алғашқы кезеңде оқу үдерісі Kozybayev University базасында ұйымдастырылды. Сабақ беруге жергілікті профессор-оқытушылар құрамы мен ҚазҰӨУ мамандары тартылады.

2027 жылы филиал үшін 600 орындық, концерт залы бар жеке оқу ғимаратының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Жаңа кешеннің инфрақұрылымына кино және телепавильондар, дыбыс жазу студиясы, оқу және қуыршақ театрлары, анимация студиясы, сондай-ақ вокал, музыка және актерлік шеберлік сабақтарына арналған арнайы аудиториялар кіреді.

Концерт алаңы заманауи акустикалық жүйелермен, бейнеэкрандармен және сахналық кешенмен жабдықталады.

Shares