Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да қытайлық LiuGong арнайы техникасының өндірісі іске қосылады

СҚО-да қытайлық LiuGong арнайы техникасының өндірісі іске қосылады

September 6, 2025 16:41

Солтүстік Қазақстан облысында LiuGong бренді бойынша жол-құрылыс техникасының өндірісін іске қосу жоспарлануда. Жоба қытайлық өндірушімен әріптестік аясында «КАЗТЕХМАШ» зауыты базасында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды QZ NEWS.

Жобаға сәйкес, зауытта жаңа жұмыс орындары ашылып, құрастыру желілері жылына 350-ге дейін техника шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңірде сервистік орталықтар желісін құру және өндірістің жергілікті деңгейін арттыру көзделуде.

СҚО әкімдігі кәсіпкерлік басқармасында «КАЗТЕХМАШ» директоры және «Qyzyljar» АЭА басшылығымен кездесу өтті. Онда жобаның егжей-тегжейі талқыланып, оның өңірдегі машина жасау саласын дамытудағы маңызы атап өтілді. Тараптар сериялық өндірісті жедел іске қосу үшін «жол картасын» әзірлеуге уағдаласты.

Айта кетейік, 1958 жылы құрылған LiuGong компаниясы құрылыс және жол-құрылыс техникасын өндіретін әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналады. Оның өнімдері әлемнің 170-тен астам еліне жеткізіледі.

Shares